"Реал" ойыншысы Мессиге дауыс бергені үшін сынға ұшырады
"Реал Мадрид" командасының қолғаушысы Давид Алаба "Жылдың үздік ойыншысы" номинациясында Лионель Мессиге дауыс бергені үшін клуб жанкүйерлерінің тарапынан сынға ұшырады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алаба Австрия құрамасының капитаны ретінде The Best премиясында дауыс беруге қатысқан. Ол бірінші орында Мессиді, екінші орынға әріптесі, "Реал" ойыншысы Карим Бенземаны, ал үшінші орынға ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені қойыпты.
Бұдан кейін әлеуметтік желіде жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады. Соңғы жазбасының астында 25 мыңнан аса пікір жиналған. Олардың ішінде #alabaout (Алаба кет) хештегі мен расистік пікірлер (маймыл эмоджиі) де бар.
Көп ұзамай футболшы мұндай таңдау жасауына не себеп болғанын түсіндіріп, дауыс беруде жалпы құраманың пікірі есепке алынғанын мәлімдеді.
"The Best премиясына қатысты. Австрия құрамасы команда ретінде таңдау жасады, тек мен ғана емес. Команданың әр мүшесі дауыс беруге құқылы, осылай шешім қабылданды.
Барлығы, Карим де оның өнеріне тамсанатынымды біледі. Мен үшін оның үздік шабуылшы екенін және бұл өзгеріссіз қалатынын жиі айттым", – деп жазды ол.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі

