Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Рахмет, жаным": All Давай тобының солисі екінші рет әке атанды

"All Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы екінші мәрте әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына әйеліне алғыс айтқан жазбаны жүктеп, жұрттан сүйінші сұрады.

"Аллаға шүкір! Екінші мәрте әке атандым. Сыйлығың үшін рахмет, жаным!" - деп жазды Шоқан Маратұлы.

Шоқан Маратұлы және Әнел Баталова екінші рет ата-ана атанған. Олардың отбасында қазір бір жарым жасар Әлімхан есімді мұрагер өсіп келеді.

Шоқан Маратұлының тыңдармандары сүйікті әншілерінің қуанышына ортақтасып, құттықтауларын жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Дені сау, мықты азамат болсын", "Әкесі мен анасын қуанышқа бөлеп жүре берсін", - десті желідегі жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр