Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путинмен кездескен дәрігерден коронавирус анықталды

Мәскеудегі Коммунарка ауданындағы аурухананың бас дәрігері Денис Проценкода коронавирусы анықталды. 24 наурызда ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

31 наурызда Денис Проценко коронавирус жұқтырғанын растап, өзін жақсы сезінетінін айтты. Ол өзінің жұмысын жалғастыратынын және өзінің жұмыс бөлмесінде оқшауланғанын, бұл жерде қашықтан жұмыс істеуге, менеджмент пен телемедициналық кеңестер үшін барлық жағдайлар жасалғанын айтты.

Айта кетейік, қазір ауруханада коронавирус инфекциясы бар науқастар емделуде.

24 наурызда Путин ауруханада болып, бас дәрігер Денис Проценкомен сөйлесті, бірнеше палаталарды аралап, науқастардың бірімен тілдесті.

Бүгін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Проценконың инфекция жұқтырғаны туралы хабарланғаннан кейін, Путиннің үнемі коронавирусқа тексерілетінін және президентте "бәрі жақсы" деп мәлімдеді.
 

Талқылау