Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейдің ішкі мәселесі": Тоқаев Путинге қарулы төңкеріске қатысты пікірін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев Путин

Ақорда мәліметіне сәйкес Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берген.  

“Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі”, – делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.


"Ресейдегі жағдай Қазақстанға әсер етпей қоймайды": Саясаттанушылар көрші елде болған қарулы төңкеріске қатысты пікір білдірді


Еске салайық, “Вагнер” жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерилерге соққы жасағанын мәлімдеген еді. Кейін Пригожин Ресейде “әділдік маршын” өткізетінін хабарлады. 

“Вагнер” жетекшісінің мәлімдемесінен кейін Ресей билігі әскери төңкеріс дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал БАҚ беттерінде “Вагнер” әскерінің Ростов аймағында байқалғанын жазды. 

Көп ұзамай Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды. Қала мэрі Сергей Собянин жолдарда қосымша бақылау енгізіліп, жаппай іс-шараларға шектеу енгізілетінін хабарлады. 

Ал төңкеріске қатысты пікір білдірген Ресей президенті Владимир Путин мұны “сатқындық” деп атап, төңкеріске қатысқандардың барлығы жазаланатынын мәлімдеді. 

Назархан Уән
Сенбі, 24 Маусым, 2023 15:08