Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Қырғызстанда үш орыс мектебін ашады

Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1 қыркүйекте Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын үш мектептің құрылысын бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РиаНовости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Құрылыстың бастауы бейнеконференция режимінде өтеді.

"Путин Қырғызстан Президенті Жапаровпен бірлесіп, Бішкек, Баткен және Қаракөл қалаларында орыс тілінде оқытатын үш жалпы білім беретін мектептің құрылысын бастайды", – делінген хабарламада.

Онлайн режимде Путин Ресейдің бес аймағында жаңа жалпы білім беретін мекемелердің ашылу салтанатына қатысады.

Талқылау