Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ПТР нәтижесінсіз келген қазақстандықтар 7 күн карантинге жатқызылатын болды

ПТР сертификатынсыз үйге келген қазақстандықтар екі күндік емес, жеті күндік карантинге жіберіледі. Елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚР-ға келген азаматтар, ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Талқылау