Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психдиспансерден қашып кеткен: Нұр-Сұлтанда зорлық жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда полиция қызмкеткерлері зорлық жасады деп күдіктелген ер адамды тұтқындады. Ол психоневрологиялық диспансерден қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Психдиспансерден қашып кеткен: Нұр-Сұлтанда зорлық жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды

Кеше түнгі сағат 22:40-та Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында тергеу мақсатында тұтқындалып, 9 қазанда 12:22 шамасында денсаулықтағы психикалық проблемалар медициналық орталығының аумағынан қашып кеткен ер адам ұсталды. 

«Күдікті тергеу изоляторына тоғытылды. Тексеріс жүргізілуде», - дейді полициядағылар. 

Полициядағылар іздестіру шаралары кезінде келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Еске сала кетсек, 9 қазанда күндіз психоневрологиялық диспансерден Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша күдіктеліп, тұтқындалған ер адамның қашып кеткені хабарланған еді. 

Артынша полиция хабарлағандай, күдіктіге сарапатама жасату үшін диспансерге жеткізілген. 

Талқылау