Прокурор Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор блогер, журналист Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған бопсалау айыбы тағылған.
Тыңдау жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Үкімді жариялау 3 ақпанда сағат 17:00-де өтеді.
Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны 2022 жылдың 3 шілдесінде ұстады. Ол кәсіпкерден 50 миллион теңге алғаннан кейін қолға түсті. Кәсіпкер Рашид Махат журналистің әрекетін бопсалау деп атады. Әбжанға қатысты аса ірі көлемде бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген