Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокуратура Текелідегі мәдениет үйіне арналған PlayStation приставкасын сатып алуды негізсіз деп таныды

Прокуратура мемлекеттік сатып алулар арқылы Текелідегі Мәдениет үйіне Sony PlayStation 5 ойын приставкасын сатып алуды негізсіз деп танып, жауаптыларды тәртіптік жазаға тартуға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

плейстейшен

Приставканы Мәдениет үйінде ашатын балаларға арналған бөлмеге қою жоспарланған. Ал даулы лоттың өзі 30 қаңтарда ойнатылып, приставканы ақпанның соңында жеткізу көзделген. 

Прокуратура мәліметінше приставканы алу кезінде "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заң бұзылған. Сондықтан келісімшартты жоюға және жауаптыларды тәртіптік жазаға тартуға кеңес берді.  

Еске салайық, бұған дейін Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі мемлекеттік портал арқылы 600 мың теңгеге Sony PlayStation 5 ойын приставкасын сатып алғаны туралы хабарлаған едік. Кейін әкімдік даулы лотқа қатысты пікір білдіріп, приставканы қала жастарына арналғанын мәлімдеді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 02 Ақпан, 2023 15:36