Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің бұрынғы көмекшісі экономика министрлігіне қызметке келді

Олжас Құдайбергенов ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Құдайбергенов

ҚР ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді.

Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Күн тәртібі бойынша ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыреттілік тәсіліне көшіру жоспарлануда. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ұсынылған шараларды іске асыру тетігі жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті. Құзыреттілік тәсіл қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырады. Өйткені басқарушылық шешімдер қабылдаудың тек бір ғана деңгейі болады.

Талқылау