Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ

Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ, олар біздің жеріміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындайды. Бүгін мемлекет басшысының Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқПрезиденттің баспасөз хатшысы Қытайдың мемлекетімізде өз идеологиясын, саясатын жүргізу туралы пиғылы жоқ екенін айтты. Берік Уәлидің пікірінше, Қытай бізге технологиялар мен инновацияларды енгізуге көмектесе алады.

«Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ, олар біздің жеріміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындайды. Олар Қазақстанға тек стратегиялық серіктес ретінде қарайды. Қытайдың басты мақсаты – сауда-саттықты жүзеге асыру және осы арқылы пайда табу. Олардың басты мақсаты – әлемнің бүкіл мемлекетімен сауда-саттық жүргізу», - дейді Берік Уәли.

Сонымен қатар ол Қытаймен стратегиялық серіктестікті қалыптастыру керегін атап өтті. Технология мен экономикасы дамыған көршілес елмен араласпау дұрыс болмас еді, дейді ол.

«Қазақстан Ресей және Қытаймен шекаралас. Бүгінде шекараның ұзындығы 1 782 шақырымды құрайды. Қытай көршілес ел болғандықтан, араласпағанымыз дұрыс болмас еді. Сондықтан бұл мемлекетпен стратегиялық серіктестікті қалыптастыру керек. Мойындау керек, Қытайда технология мен экономика дамыған. Мұндай дамыған көршілес елмен араласпау дұрыс болмас еді», - дейді президенттің баспасөз хатшысы.

Талқылау