Қазақстанда «Қызылжар», «Шахтер», «Жеңіс» және «Қайсар» жекешеленді
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі төрт футбол клубының жекешелендірілгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізде мемлекет басшысы айтқан төрт клубтың қай командалар екені жайлы ақпарат тарады. Нақты деректерді "Серый CARDINAL" Telegram арнасы хабарлады.
Дереккөздің айтуынша Президент Жолдауында айтқан төрт клуб: петропавлдық "Қызылжар", қарағандылық "Шахтер", астаналық "Жеңіс" және қызылордалық "Қайсар" командалары.
Алдын ала мәліметке сәйкес, астаналық "Жеңіс" клубын кәсіпкер Михаил Ломтадзе қолдаса, қызылордалық "Қайсарға" TAU Group компаниясы, нақтырақ айтқанда Исламғали Қозбақов демеушілік жасамақ.
Осылайша, Қазақстанда футболды жекешелендіру мен коммерцияландыру үдерісі жалғасып жатыр. Президенттің айтуынша, бұл қадам спорттың әрі қарай дамуына негіз болады.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді

