Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Қызылжар», «Шахтер», «Жеңіс» және «Қайсар» жекешеленді

Тоқаев қоғамдық орындардағы келеңсіздіктер туралы айттыФото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі төрт футбол клубының жекешелендірілгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізде мемлекет басшысы айтқан төрт клубтың қай командалар екені жайлы ақпарат тарады. Нақты деректерді "Серый CARDINAL" Telegram арнасы хабарлады.

Дереккөздің айтуынша Президент Жолдауында айтқан төрт клуб: петропавлдық "Қызылжар", қарағандылық "Шахтер", астаналық "Жеңіс" және қызылордалық "Қайсар" командалары.

Алдын ала мәліметке сәйкес, астаналық "Жеңіс" клубын кәсіпкер Михаил Ломтадзе қолдаса, қызылордалық "Қайсарға" TAU Group компаниясы, нақтырақ айтқанда Исламғали Қозбақов демеушілік жасамақ.

Осылайша, Қазақстанда футболды жекешелендіру мен коммерцияландыру үдерісі жалғасып жатыр. Президенттің айтуынша, бұл қадам спорттың әрі қарай дамуына негіз болады.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 14:41