Президент ауруханадағы төсек жетіспеушілігі мәселесін шешуге уәде берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада ауруханалардағы төсек жетіспеушілігі мен медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс костюмдерінің жетіспеушілігі мәселелерін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жедел жәрдем қызметкерлері, эпидемиямен күресте ең үлкен ауыртпалық сіздердің мойындарыңызға түсті. Сіздер күн сайын елге рухыңыздың мықтылығын, батылдықтың үлгісін көрсетесіздер, дәл осы жерде нағыз патриотизм көрінеді. 

Білемін, кейде сіздер жағдайға қайшы келетін ерліктер жасайсыздар. Пандемияның қайта өршуі жағдайында, оның ауқымының артуы жағдайында cіздерге қорғаныс костюмдерінің, қажетті препараттардың, ауруханалық төсектердің жетіспеушілігіне және басқа да қиындықтарға тап болуға тура келеді. Бұл мәселелерді біз жақын арада шешеміз. Үкіметте бұл жағдайды жедел түрде жою туралы нақты тапсырма бар", - деді Президент Biz birgemiz онлайн-форумында.

"Қазір сіздердің барлығыңызға парыздарыңыз бен медициналық антқа деген адалдығыңыз үшін алғыс айтқым келеді.  Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда 80 науқас бар. Бұл әлемдік статистика бойынша орташа көрсеткіш. Жаман емес, бірақ ең жақсы емес", - деп қосты Тоқаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр