Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының үкімімен Нұрдәулет Төлеев президент әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл қызметке Ербол Адаев тағайындалды.
Ербол Адаев жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін президент әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Осы жылдар ішінде Қостанай облысы әкімінің аппаратында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сенат аппаратында түрлі қызметте болды.

Фото: qr-pib.kz/ Ербол Адаев
Сондай-ақ Алексей Калайчиди президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, оның орнын Дәурен Ерғарин басты.
Дәурен Ерғарин 1982 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. А.С.Пушкин (2002) атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін және М.Өтемісұлы (2006) атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетті бітірген. 2015-2024 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте түрлі қызмет атқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.
Фото: Instagram/prokadrykz/Дәурен Ерғарин
2024 жылдың шілдесінде ол президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік