Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Премьер-министр есеп берсін": Депутат мемлекеттік аппараттың жұмысын сынға алды

Сенатор Қанатбек Сафинов мемлекеттік органдарды шенеуніктердің өз функцияларын беруге асықпағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол өзінің депутаттық сауалында елде кейбір мемлекеттік функцияларды бәсекеге қабілетті орта мен өзін-өзі басқару органдарына беру саясаты жүріп жатқанын атап өтті.

"2015 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік органдар туралы ережеге сәйкес мемлекеттік функциялардың саны төрт жарым мыңға жуықтады. Қазір бұл функциялардың саны одан да көп болуы мүмкін, себебі тәжірибе мемлекеттік органдардың функцияларын азайтудың емес, көбейтудің жолымен келеді", - деді сенатор.

Қанатбек Сафинов мемлекеттік орган өзінің функцияларының бір бөлігінен бас тартқан жағдайда да, кейде олар сол мемлекеттік органға бағынатын компанияларға ауысатынын атап өтті. Ресми түрде тапсырыс орындалады, функциялар бәсекелестік ортаға беріледі, бірақ іс жүзінде мемлекеттік орган барлығын бақылауда ұстау мүмкіндігін сақтап қалды дейді ол. 

"Ұлт жоспары бойынша, мемлекетке қажет емес бірқатар функциялардың орындалуын кейбір мемлекеттік мекемелерден басқа бағынышты ұйымдарға ауыстыру емес, оларды қысқарту қажет", - дейді Қанатбек Сафинов.

Осыған байланысты сенатор премьер-министрден Үкіметтің осы бағыттағы 2 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы ақпарат беруін, іске асыру мерзімі мен кезеңдері туралы мәліметпен бөлісуін, сондай-ақ, алдын-алу шаралары туралы есеп беруін сұрады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр