Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз апаты: Оқиғаны анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

Жамбыл облысындағы пойыз апатын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылды.

Фото: kris_p_almaty

«17 маусым күні сағат 13:25 минутта Астана-Алматы бағытындағы пойыз Сарышаған-Шу аймағында, Жиделі-Берлік өткелінде апатқа ұшырап, 8 вагон рельстен шығып кетті. Оның 2 вагоны қырымен құлады. Мән-жайды анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлайды ұлттық компания.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында пойыз апаты болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау