Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойызды тоқтатып үлгеруге болатын еді: Шамалғанда орын алған жол апатына қатысты жаңа мәліметтер анықталды

Шамалған бекетіндегі жолаушылар пойызы автобусты соғып, адам өлімі болған апаттың тергеу ісі аяқталуға жақын. Үкіметті де, Парламентті де, облыстық әкімдікті де осы трагедиядан туындайтын мәселеге назар аудартқан 16 қыркүйек күнгі қайғылы оқиғадан кейін ешқандай дерек болмаған өткел кезекшісі апаттан бірнеше секунд бұрын не істегенін толық әңгімелеп айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Темір жол өткелінде 18 жыл бойы еңбек еткен Досбатыр Ахметжановтың Шамалғанда болған оқиға еш кетпейтін көрінеді. Сол күннен бері атар таңды көз ілмей қарсы алған кезі көп екен. Екі айдан астам тергеуде болған бекетші әбден қажып кеттім дейді. Алпысты алқымдаған тәжірибелі темір жолшы мұндай жағдай өмірінде тұңғыш рет болғанын айтады. Адам өліміне соқтырған теміржол апатына еш кінәм жоқ, нұсқаулыққа сай міндетім атқардым дейді. 

"Менің бұл жағдайға ешқандайда кінәм жоқ. Автобус тоқтауға болмайтын жерге өз бетімен кіріп, алдында да, артында толған көліктердің салдарынан шыға алмай тұрып қалды. Автобустың жүре алмай қалғанына менің қандай кінәм бар?", - деді бекетші Досбатыр Ахметжанов. 

Өткелдегі бекетші механикалық тұрғыда ешнәрсе жасамайды., барлыға да автоматтандырылған. Пойыз жақындағанда шлагбаум өздігінен түсіп, кедергі көтеріледі. Дәл сол апат болған күні Досбатыр Ахметжанов пойыз өткелге 668 метр қалғанда  тұрып қалған автобусты көріп, арнайы тетікшені басқан. Ол тетікше пойыз жолында кедергі бар екендігін көрсететін қызыл түстің жануына алып келген. Бұл түс пойыз жүргізушісіне 801 метрден жерден анық көрінеді екен. 

"Тетікті басып, қызыл түс жанса да, қолыма жалауымды алып, пойыздың алдына жүгіре жөнелдім. 14 метрдей жерге жүгіріп барып, қызыл жалаумен тоқтату белгісін бердім. Алайда пойыз бұл белгіге тоқтамады", - деп қосты бекетші. 

Досбатыр Ахметжанов айтуынша, пойыздың жақындағанын көрсе де, ешкім де автобусқа жәрдем көрсетуге асықпаған, адамдарды құтқаруға тырыспаған. Ал бекетшіге өз орнына қайтып баруға тура келіпті, себебі ереже бойынша пойыз өткенде орнында тұруы шарт екен. 

Ал бекетшінің қорғаушы адвокаттың сөзінше, Досбатыр Ахметжанов өз қызметін қолдан келгенше атқарып, бар жағдайды жасаған. Айтуынша, автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, теміржолға барып тұрып қалған. Тек теміржол апаттарын тексерімен айналысатын маман, тіпті, ең беделді сарапшылардың да бекетшінің оқиғаға қатысты кінәсі жоқ деп айтқандығын жеткізді. 

"Пойыз, тіпті, бір күннен кейін келсе де, жасыл шам жанып тұрса да, теміржол өткеліне келіп тоқтауға болмайды. Шектеуден өтуге тыйым салынған. Автобус жүргізушісі бұл ережені бұзып қана қоймай, өз өмірін, автобус жолаушыларының өмірін қатерге тікті", - деді қорғаушы Шамиян Жайылханов.

Заңгер бұл жолы да апатқа қатысты қылмыстық іс әлсізді айыптау сияқты тәсілді таңдамаса екен дейді. Алматтыдан Қостанайға бағытталған жолаушылар пойызы 96 км/сағ жылдамдықпен жүйіткіп келе жатқан. Сараптау қорытындысы бойынша апат белгісін көрген бетте егер пойыз машинисі шұғыл тоқтау тежегішін қосса, ол 470 метрден кейін тоқтай алатын еді. Ал өткелге дейін екі шақырымдық теміржол түп-түзу. Бірнеше сағатқа созылатын кептілсіке алып келетін өткел бүгін еш өзгеріссіз тұр. Апаттан кейін көлік нөпірін реттеп бой көрсеткен полиция экипаждарының бірі де жоқ. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады
Çàãðóçêà...