Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз астына құлап кеткен 4 жасар бала аман қалды (видео)

Аустралияның Сидней қаласында 4 жасар бала пойыз астына құлап кетіп, аман қалды. Оқиғаның видоесы тарап кетті.

Пойыз астына құлап кеткен 4 жасар бала аман қалды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inside Edition басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ұл баланың анасымен бірге пойыз күтіп тұрғаны көрінеді. Вагонның есігі ашылғаннан кейін, олар кірмек болғанда, бала вагон мен платформаның арасына құлап кетті. Сол жердегі адамдар бірден көмекке асығып, баланы шығарып алды. 

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 

 

Оқиғадан кейін Жаңа Оңтүстік Уэльстың көлік министрі Эндрю Констанс ата-аналардан балаларына мұқият қарап, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін үнемі қолынан ұстап жүруін сұрады. 
 

Талқылау