Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Полицияның жағасынан алу - ол мемлекеттің заңын таптау»: Қоғам белсенділері Қордайдағы жанжал жайында

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жаппай төбелеске Қазақстан демократиялық партиясын құрушы бастамашыл топ өкілдері  билік пен құзырлы органдарын кінәлады. Белгілі журналист, қоғам белсендісі Жанболат Мамай осы оқиғаға байланысты ІІМ Ерлан Тұрғынбаев, Жамбыл облысының әкімі Асхар Мырзахметовтың жауап беруін талап етіп, қажет болса отставкаға кетуін тиіс санайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, Қордайдағы мәселеге Қазақстан Халық Ассамблеясы ұйым өкілдерінің ешқайсысы атсалыспағанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жанболат Мамай

Масаншы ауылында болған төбелеске қатысты журналист, қоғам белсендісі Жанболат Мамай, мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев, тележүргізуші Сәуле Әбединова, “Ел-аманат" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ырысбек Тоқтасын арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Демократиялық партия өкілдері полиция қызметкерлерінің митинг және басқа да мәселелер кезінде топтасып, мына жағдайға келгенде күш көрсете алмағанына күмәнмен қарайтындарын жеткізді. Олар бұл қақтығыстың 6 ақпанда басталғанын айтады.

«Ресми ақпарат құралдары тұрмыстық кикілжің деген формада ақпараттар таратып жатыр. Бірақ шын мәнінде үлкен қақтығыс болды. Оның салдары барлығымызды ойландыратын жағдайға алып келеді деп сенемін. Бұл мәселенің туындауы мемлекеттік биліктің және мемлекеттік органдардың жұмысының өте төмен деңгейде екенін көрсетті. Видеодан дүнген азаматтарының полицияға қарсы күш қолданып жатқанын көрдік. Ал ресми ақпаратқа сүйенетін болсақ, ол жақтағы төбелес 6 ақпан күні басталған. Билік орындарының өзі де азаматтардың арасында қақтығыс болғанын мойындайды. Билік органдары неге сол уақытқа дейін шара қолданбаған? Полиция және ұлттық қауіпсіздік өкілдері неге шара қолданбады? Бұл жерде полицияның кемшілігі бар. Өз қызметкерлеріне қарсы күш қолданып жатқанда полиция ешқандай шара қолданбай, жапа шегіп жатқан адамға көз жұма қарағаны таңғаларлық жағдай. Біріншіден, бұл күштік құрылымдардың ешқандай дайындығының жоқтығы. Екіншіден, жемқорлық фактісінен хабар береді деп ойлаймыз. Өйткені бөтен адам жағадан алғанда шыдап тұру мүмкін емес. Ал полиция қызметкері ол мемлекеттік органның өкілі. Полицияға қол көтеру ол мемлекетке қол көтеру деген сөз. Полицияның қызметкерін жағадан алу ол мемлекеттің жағасын алып, заңын таптау деген сөз. Сондықтан бұл жерде күлген кемшілік бар», – дейді Жанболат Мамай.

Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік теңсіздік, жемқорлық болмағанда және полиция қызметкерлері прокуратура әділетті жұмыс жасаса, сот әділ шешім шығарса мұндай қақтығыстар болмайтын еді. Мұндай оқиғалардың ары қарай өршімеуін қадағалау мақсатында демократиялық партия қоғамдық комиссия құруды ұсынды.

«Қазір үкіметтік комиссия жасақталып отыр. Оған тек биліктің қызметкерлері мен органдары, мемлекеттік шенеуніктер кіріп отыр. Бірақ мемлекеттік комиссияның әділ және нақты шешім шығарғанын көрген жоқпыз. Ал бұл оқиғаның салдары, астары ауыр болып отыр. Мемлекет оны тұрмыстық кикілжің деп отырғанымен, бұл жерде ұлт саясаты мәселесі жатыр. Сондықтан қоғам болып біз де қадағалап, бақылауымызға алуымыз керек. Сол үшін Қазақстанда қоғамдық мәселе құрылуы керек», – дейді қоғам белсендісі. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

Көктегі ұшақтың құлауына жердегі үй иесі кінәлі ме? Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы

ІІМ: Түркістан облысында қару ұрлаған әскердің басқаларына зияны тимеді

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған

Нұр-Сұлтан тұрғыны ерекше шаңғы тебу түрімен елордалықтарды таңқалдырды (видео)

Ол өзіне парашют жегіп, шаңғы тепкен
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр