Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция "желіде батыр болғысы келген" Ануарбек "Мотиватор" Бекембетовті қамауға алды

ануарбек мотиватор

Видеодан скриншот

Полиция жаттықтырушы әрі спортшы Ануарбек “Мотиватор” Бекембетовті қамауға алды. Ануарбек желіде мотивациялық эфирлер өткізеді, жазылушылары арасында “Мотиватор” деген атпен белгілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция реалити-жоба мен әуесқой жекпе-жектің қатысушысының, ер адамның агрессия мен физикалық қысым көрсетіп, балағат сөздер айтып, өзіне “күшті әрі батыл” бейне жасаған видеосын анықтаған.

Құқық бұзушы жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсталғаннан кейін ол роликтің қойылым екенін және қаралым мен лайк жинау үшін түсірілгенін мәлімдеді. Желіде “күшті” болып көрсетілген іс-әрекеттердің барлығы тек жұрт назарын аударуға бағытталғаны белгілі болды. Авторға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция агрессия, дөрекілік және жалған “күш” — көпшілікке ұнайтын қасиеттер болмауы тиіс екенін атап өтті. Мұндай әрекеттерге, әсіресе, спортшылар тарапынан жол берілмеуі керек. Осындай “қойылым шоулар” агрессия мен қорлау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, жасөспірімдер мен жастардың құндылықтарына нұқсан келтіреді.

“ІІМ интернеттегі агрессия, қатыгездік және әдепсіз мінез-құлық арқылы танымал болуға тырысатын әрекеттердің барлығын қатаң түрде тоқтата беретінін мәлімдейді. Барлық осындай деректер заң шеңберінде анықталып, қаралады”, – делінген хабарламада. 

Назархан Уән
Жексенбі, 02 Қараша, 2025 08:47
Талқылау