Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Ресей үшін Қазақстанға қарсы соғысатынын айтқан азаматтың сөзін тексереді

Полиция Ресей үшін Қазақстанға қарсы соғысуға дайын екенін айтқан Ақмола облысы тұрғынының сөзін тексереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап. 

ер адам

Интернеттегі чат-рулеткада украиналық тележүргізушінің сұрақтарына жауап берген ер адам Ресей Қазақстанның солтүстік аймақтарын "тартып алса" қуанатынын жеткізген. Сонымен қатар Қазақстан азаматы бола тұра Ресей үшін соғысуға дайын екенін мәлімдеді. 

"Бұл дерек Жарқын аудандық полиция департаментінің ақпараттарды тіркеу кітабына енгізілді", - деп жауап берген полиция өкілдері. 

Әлеуметтік желіде ер адамның видеосы тарап, оның есімі Руслан Елфимов екені көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан қару күштерінің формасымен түскен суреті де қоса жарияланды. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 17:26