БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полицейлер Ақорданың алдындағы алаңды неліктен қоршауға алды? ІІМ жауап берді

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күні кеше полицейлердің Ақорданың алдындағы алаңды қоршауға алуына қатысты пікір білдіріп, оның көпбалалы аналардың шеруіне қаншалықты қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметінің ғимаратының маңындағы аумақ та қоршауға алынған. Алайда министр мұны көпбалалы аналардың шеруімен байланыстырмайды.

«Кешегіден кейін емес (көпбалалы аналардың шеруі – ред.). Бүгінгі таңда «Тәртіп сақтау» операциясы жүргізіліп жатыр. Сондықтан бүгін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Ешкімнен қорғанып жатқанымыз жоқ. Бұл қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында», - деді министр үкімет кулуарында. 

Тұрғымбаевтың сөзінше, бүгінде аталған операция тек Нұр-Сұлтан қаласында емес, бүкіл мемлекет бойынша жүргізілуде. 

«Тәртіп сақтау»  операциясы 6 маусымға дейін жалғасады. 7 маусымнан бастап полиция қызметі күшейтіледі. Бұл 12 маусымға дейін жалғасатын болады. Күшейту президент сайлауының өтуімен байланысты. 9 маусымда патрульдер жұмыс істейді. 21 мыңнан аса полицей жұмылдырылады. Сайлау өткізілгенде үнемі осылай болады», - дейді ведомсвто басшысы. 

Еске сала кетсек, 3 маусымда елордада көпбалалы аналар Үкімет үйінің алдына жиналып, баспана мәселесінің шешілуін талап етті. Олар мемелкет басшысымен кездесуді сұрады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр