Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полицей мен жас қыздың төбелесі: Оқиғаның неден басталғаны белгілі болды

Желіде тараған полицей мен жас қыздың төбелесінің видеосы бейнебаянның тизері болып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде полицей мен жас қыздың төбелескені түсірілген видео тараған еді. Видео астындағы жазбада жас қыздың алтын түстес BMW көлігін эвакуаторға тиеп, алып кеткеннен кейін, оның полицеймен төбелесіп қалғаны жазылған. 

Видео кадрларынан қыздың тәртіп сақшысына қарсыласып, бой бермей, эвакуаторға тиелген көліктің ішіне терезеден кіріп алғаны көрінеді. Артынша полиция қызметкері оны сүйреп шығармақ болады. 

Полиция мәліметінше, аталған видеодағы фигуранттар мен техниканың полицияға қатысы жоқ. 

Анықталғандай, эпизод ән бейнебаянының тизері болып шыққан. 

«Түсірілімді жүргізген продюсерлік орталықтың өкілі аталған бейнебаян авторлары ішкі істер органдарын күлкі етуге тырыспағандарын түсіндірді. Олар жол ережесін бұзатын адамдардың қатысуымен орын алатын жағдайларды көрсетпек болған», - дейді ведомстводағылар. 

Полиция идея авторларының әрекетіне құқықтық баға беріліп, әрі қарай заңға сәйкес шара қолданылатынын мәлімдеді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр