"ПК Asar Baspana" басшылары Шымкент тұрғындарын 700 миллион теңгеге алдап кетті деп айыпталды
Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен "ПК Asar Baspana" компаниясының басшыларына қатысты тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.
“Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – делінген агенттік хабарламасында.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Талқылау