Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының Арбатында тұрғындарды тонаған бұзақылар ұсталды

Алматыдағы Арбатта адамдарды қорқытып, ақша мен ұялы телефондарын тартып алған қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматылық полицейлер қала орталығында адамдарға шабуылдаған бір топ ер адамды ұстады. Қарақшылар тобын 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарған. Қарақшылар бірнеше адамды тонағаны анықталды. 

"Айыпталушылар қараңғыда өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып,  ұялы телефондар мен бағалы заттарын тартып алып, содан кейін қаланың әртүрлі ломбардтарында сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр