Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Pfizer-мен кімге ревакцинация жасауға рұқсат етілді: Санитарлық дәрігердің қаулы жариялады

Денсаулық сақтау министрлігінде Pfizer (Comirnaty) препаратымен ревакцинация кімге рұқсат етілгені жайлы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы" жаңа қаулы жариялады. Қаулы халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша санитариялық дәрігердің осыған дейін қолданыста болған барлық қаулыларын біріктіреді.

Атап айтқанда, коронавирустың дамуы ауыр өтетін 60 жастағы және одан жасы үлкен адамдарға Pfizer вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, COVID-ке қарсы ревакцинацияға рұқсат етіледі.

Еске салсақ, бұрын Pfizer препараты тек жүкті, бала емізетін және 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация үшін ұсынылған.


 

Талқылау