Петропавлда 2 жасар бала шемішкеге қақалып көз жұмды

Фото: depositphotos.com
13 маусым күні Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып, шетінеп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бүлдіршіннің көз жұмғанын растады.
"Бірлік шағын ауданында екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді", – делінген ведомство хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 5 бала қаза тапты
Уланып көз жұмған: Жамбыл облысындағы үш баланың өліміне қатысты тергеу басталды
Қазір оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр.
Бұған дейін құлпынай жеген 6 жасар баланың іші өтіп, қызуы көтеріліп, салдарынан қайтыс болған еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"