Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар құпияның жауабын іздеуде: Шөл далада жұмбақ алып суреттер табылды

Жапондық Ямагата университетінің зерттеушілері Перудағы Наска шөл даласында жүзден астам алып суреттер тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Суреттерден алып жануарлардың, құбыжықтардың, түсініксіз сызықтар мен аңдардың суреттері байқалған. Мамандар жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде 143 геоглиф суреттері табылған, олардың кейбіреулері жасанды интеллектің көмегімен анықталыпты. Зерттеушілер суреттердің б.з.б. 100-300 жылдарға жататындығы туралы айтты. 


Тағы оқыңыз:


Қазіргі уақытта ғалымдар кескіндердің көмегімен аймақтың картасын жасап шығаруды жолға қойған. Олар алдағы уақытта Наска бейнелерінің мағынасы жақын арада зерттеудің жаңа нәтижелерімен бірге ашылатынын жеткізді. 

Геоглифтер немесе Наска сызықтары деп шамамен XII ғасырларға дейін Наско үстіртінде табылған геометриялық сызықтар мен суреттерді айтады. Суреттер алып болғандықтан оларды тек аспаннан көруге болады. Қазіргі уақытта олардың астрономиялық бақылау және салт-жоралғыларды орындау мақсатында пайдаланылған деген болжамдар бар. 

Талқылау