Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны хиджаб киген әйелдің орамалын жұлып алып, тепкіге алған (видео)

Павлодар облысы, Ертіс ауданының 48 жастағы тұрғыны себепсізден себепсіз хиджаб киген әйелге шабуыл жасаған. Ол елдің көзінше ауылдасының орамалын жұлып алып, оны теуіп, балағат сөздерін жаудырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 25 тамыз күні орын алған. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті Stan.kz тілшісінің сұранысына берген жауабында аталған жайтты растады.

Ішімдікке сылқия тойып алған Раушан Төлеубаева есімді әйел көшеде кетіп бара жатқан мұсылман әйелге тап берген. Ол: “Орамал таққандар елден кетсін. Назарбаевтың өзі тыйым салған”, – деп айқай салған.

“Ертіс ауданы тұрғынының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Медициналық сараптамаға сәйкес, әйел орташа деңгейде мас болған. Іс материалдары Ертіс аудандық сотына қарауға жіберілді”, – делінген ІІД хабарламасында.

Алайда қорлық көрген әйел бар болғаны “ұзақ бұзақылық” бабы бойынша хаттама толтырылғанына наразы.

📩: от подписчика группы 📰 орфография и пунктуация сохранены. Здравствуйте. 25.08.2018 г. в Павлодарской области с.Иртышск женщина Тулеубаева Раушан, напала на мимопроходящую мирно мусульманку, сняла с неё платок, после пнула её. Начала кидаться и кричать, чтоб все, кто в платках, уезжали со страны. Заявление написали, только вот, попросили написать, что не «на религиозной почве», а «мелкое хулиганство». Что за несправедливость? Получается, каждо проходящему можно будет стянуть платок? И это окажется лишь мелким хулиганством? Опубликуйте пожалуйста. @kazakh_inform ⬅️✅

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау