Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты: Жолаушылары өлімнен аман қалды

12 ақпанда Астана-Павлодар автожолының 358 шақырымында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жол апаты

Шекарашы ауылының жанында 48 жастағы Toyota Camry-50 жүргізушісі рөлді басқара алмай, тұрақта тұрған Volvo жүк көлігінің тіркемесінің артқы жағына соқтығысқан.

Оқиғада жәбірленушілер жоқ.

"Toyota жүргізушісі және оның 1984 және 2000 жылы туған жолаушылары жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", − делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Машиналар арнайы айып тұрағына қамалды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 13 Ақпан, 2023 15:14
Талқылау