Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жол апаты салдарынан комаға түскен 1 жасар қыз бала көз жұмды

Павлодарда болған сұмдық жол апаты салдарынан комаға түскен 1 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, сейсенбі күні бүлдіршін санитарлық авиацияның көмегімен облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген еді. Артынша бір сағат өткеннен кейін қыз бала есін жимай жатып көз жұмыпты. 

"Қыз баланың бас сүйегіне қатты зақым келген, мидың шайқалуы, миға қан кету секілді жарақаттар алған. Жан сақтау бөліміне жеткізу кезінде қыздың екі рет жүрегі тоқтап қалды, бірақ екі рет те дәрігерлер қолынан келгеннің барлығын жасап, құтқарып қалған еді. Балалар ауруханасында томография жасалып, алдынғы диагноздар расталды. Алайда ауруханаға жеткен соң біраз уақттан кейін қыз ауыр жарақаттардың себебінен есін жимай, көз жұмды", - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының директор қызметін орындаушы Ирина Орсагош.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 2 желтоқсан күні Павлодар-Ертіс тас жолында болған еді. 55 жастағы KIA көлігінінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, онда келе жатқан ВАЗ 21093 автокөлігіне барып соғылған. Салдарынан бірінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында, ал оның жанындағы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Бұған қоса 2 ересек пен 5 бала ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін жол апаты салдарынан Павлодар облысында  зардап шеккен 1 жасар қыз бала комада жатқандығы туралы айтылған еді.


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...