Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жасөспірімге жарты метрлік мұз сүңгісі құлап кетті

Павлодарда көпқабатты үйдің төбесінен 16 жастағы жасөспірімге мұз сүңгісі құлады. Салдарынан жасөспірім зардап шекті.

Павлодарда жасөспірімге жарты метрлік мұз сүңгісі құлап кетті

Жасөспірім үйдің подъезіне кіріп бара жатқанда төбесінен мұз сүңгісі құлаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Шатырдан ұзындығы шамамен 50 сантиметр болатын мұз сүңгісі құлап, жасөспірмінің иығына түсті», - дейді қалалық ТЖБ басшысы Ринат Валишанов.
Ол зардап шеккен балаға көршісі көмекке келіп, орнынан тұрып, подъезге кіруіне көмектескен. Артынша жедел жәрдем шақырылып, жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ауруханадағылар жасөспірім миы шайқалғанын айтты. Қазіргі уақытта ол травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Павлодарлық пәтер иелерінің кооперативі үйлердің шатырын қар мен мұздан шұғыл түрде тазалауды тапсырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау