Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оны бірнеше сағат бойы өз көлігінде алып жүрген

Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншінің қағып кетіп, оның бірнеше сағат бойы өз көлігінде алып жүрген, деп хаабрлайды әлеуметтік желідегі «Типичный Павлодар»  паблигіне сілтеме жасап Stan.kz.

Мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі 60 жастағы ер адамды жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде қағып кеткен. Ол оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырудың орнына ауыр соққы алған ер адамды өз көлігіне отырғызып, бірнеше сағат бойы қала ішінде алып жүрген. Бұл туралы зардап шегушінің қызы Жанбота Қуанышева айтып берді.

«Біз көрші тұрған дүкеннің бақылау камерасынан апаттың сағат 20:12 шамасында болғанын көрдік. Көлік соққысының күштілігі сонша, ол бірнеше метр жерге ұшып түскен. Видеодан ЖКО орын алған жерде басқа да адамдар болғанын көруге болады. Жүргізуші әкемді көлікке сүйреп әкеліп отырғызды. Оған тағы бір ер адам көмектескен. Мұнан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалды», – дейді әйел.

Оның айтуынша, әкесін үйіне түнде алып келген.

«Әкем үйге түнгі 23:00 шамасында таксимен келді. Миы шайқалып, аяғы мен жамбасы сынған. Оған қоса қалтасына 20 мың теңге салып жіберіпті. Ол денесі қатты ауырғандықтан, айғайлап жатты. Бірден жедел жәрдем шақырдық», – дейді әйел.

Жанбота Қуанышеваның сөзінше, әкесі сол түні жан сақтау бөліміне жатқызылыпты, шұғыл ота жасалған. Ал ЖКО кінәлі жүргізушіні жазалау үшін, зардап шегушінің туыстары әлеуметтік желі арқылы оқиғаға куә болғандардан көмек сұрауда. Сондай-ақ, олар полицияға шағымданған екен.

«Аталған факті полицияның Солтүстік бөлімінде тіркелді. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамды қағып кеткен Audi 100 көлік маркасының жүргізушісі анықталып, ұсталды», – деп мәлімдеді полициядағылар.

Оқи отырыңыз:

Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы

GetContact-ке кірген деректер желіде тарап кетті

Біздің елде сот ғимаратын салсаңыз да ақшаңызды ала алмай қалуыңыз мүмкін  

Талқылау