Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық сот ер азаматтың үйінде өсірген арыстан күшігін тәркіледі

Үйінде арыстан күшігін асыраған палодардық азамат жауап тартылды. Сот аңды тәркілеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

арыстан

"Даниял Смағұлов Әкімшілік кодекстің 389-бабы, бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынсын және 2019 жылдың бесінші қарашасында туған Симба атты африкалық арыстанның күшігі тәркіленсін", - деді Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Марданов.

9 сәуірде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шара барысында әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіліпті. Нәтижесінде Павлодар тұрғыны 23 жастағы Даниял Смағұловтың африкалық арыстан күшігін бағатыны анықталған. Ер азамат 31 наурызда аңды Ресейден рұқсатсыз Қазақстанға әкелген. Арыстан күшігі құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлері бойынша халықаралық сауда туралы конвенцияға жататыны анықтлған. 

"Ол африкалық арыстанды әкелуге рұқсат құжатын алмағанын түсіндірді. Ол жануарды 2020 жылдың 11 ақпанында РФ «Амурский тигр» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығынан сатып алып, Қазақстан Республикасының аумағына алып өткен", - делінген ресми хабарламада.  

"Жануардың жеке карточкасы болған. Оған сәйкес, арыстанның күшігі РФ «Амурский тигр» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығында (Примор өлкесі Шкотово ауданы Шкотово кенті) туған. Симба атты африкалық арыстанның халықаралық ветеринарлық төлқұжаты бар, алайда африкалық арыстанды алып өтуге рұқсаты болмаған", - деп қосты сот өкілдері. 

 

Талқылау