Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мұражай қызметкерлері камераға түсіп қалған елестерді байқаған (видео)

Павлодар облысының тарихи-өлкетану мұражайының қызметкелері тылсым күштерден қорқатынын айтады.

сс

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бейнебақылау камерасынан әруақ бейнесіндегі денелердің жүргені байқалған. Бұған дейін түнгі күзетшілер де мұражай ішінде әлдеңелер жүретінін, шулайтынын айтып жүрген екен.

Потанин атындағы мұражайды 1890 жылы көпес Артемий Деров салған екен. Өз заманында сауда орны, әскери емхана, кейіннен поштта-телеграфтық контор болыпты.

«Бастапқыда түнгі күзетшілеріміз мұражайда әлдебір тылмыс күш иелерінің барын айтып жүретін. Жас қызметкелердінң қорыққанынан жұмыстан кетуге арызданған кезі де болды», – дейді мұражай қорының бас сақтаушысы Әлия Жомартова.

Мұнда зеттеу жүргізілген уақытта қабырға сағаты өздігіне құлап түскен. Мұндай жағдайлар онда жиі болып тұратынға ұқсайды.

«Мұның монтаж емес екені белгілі. Олар видеоға мұқият түсірсе, біз оның анық-қанығын зерттейтін боламыз», – дейді IT-специалист Евгений Шультайс.

Мұражай қызметкерлері бұдан бөлек ғимарат ішін елестердің кезіп жүретінін айтады.

Алайда, бұған сенбегендер мұражай қызметкерлерінің өздеріне адам тарту үшін осылай ойдан шығарылған әңгіме айтатындарына сенімді.

Талқылау