Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әйел балгерге 119 миллион теңге берген

Павлодарда сот алаяқтық жасаған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сот

Әйел жергілікті кәсіпкерді алдап, 119 миллион теңге көлеміндегі ақшасын иемденді. Ол өзінің  балгер екенін айтып, бизнесте табыс әкеліп, отбасылық қарым-қатынасын реттей отырып, бақытты қыла аламын деген. 

Іс материалдары бойынша, алаяқтықтың құрбаны – жергілікті кәсіпкер. Сотталушы оны емші екеніне және сеанстар өткізетініне сендірді, соның арқасында әйел бизнесте сәттілікке жетіп, отбасылық қарым-қатынаста бақытты бола алады.

2019 жылдан 2020 жылға дейін жәбірленуші жалған балгерге 119,5 миллион теңге берген. Алайда оның сеанстарынан ешқандай нәтиже болмағандықтан, полицияға жүгінді.

Сот талқылауы барысында прокурор сотталушыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот Павлодар тұрғынын ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Алаяқтық, яғни алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау" бойынша кінәлі деп таныды. Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Балаларының болуына байланысты жаза 5 жылға, яғни 2028 жылдың 9 ақпанына дейін кейінге қалдырылды", – деп хабарлады № 2 соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің пайдасына 119 480 000 теңге мүліктік залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 10 Ақпан, 2023 14:43
Талқылау