Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Автоцистерна Павлодардағы бокстердің біреуінде жарылды. Жарылыс болған жерден екі адамның денесі табылды, біреуі қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет: ҚР ІІМ ТЖК

Қайғылы оқиға 23 қазан  сағат 17:53-те, Транспортная көшесінде орын алды. Белгілі болғандай, жарылыстың салдарынан бокстың шатыры опырылып, құлап кеткен. Бос автоцистерна өртенді. Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр. 

"Құтқарушылар келе сала құрылысты бұзу, өртті сөндіру жұмыстары басталып кетті. Үйінділерден жарақаттанған бір адамды және ер адамның мәйітін алып шықты", — деп хабарлады басқарма қызметкерлері. 

Өрт 18:27-де сөндірілді. Опырылып құлаған жердің аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта үйінділерден тазалау жұмыстары жалғасуда. Жеке құраманың 30 адамы және Павлодар облысы  ТЖД техникасының жеті бірлігі аталған жұмыстарға атсалысып жатыр. Полиция қызметкерлері бокстің жан-жағын қоршады. 

 

Талқылау