Павлодарда әткеншекпен ойнаған екі бала өлім аузынан қалды (видео)

Павлодарда әткеншекпен ойнаған екі бала өлім аузынан қалды. Кадрлардан аттракционның бекіткіштерден шығып, балалармен бірге жақын маңдағы шарбаққа ұшып кеткенін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

әткеншектер

Түрлі жарақаттары бар балалар ауруханаға жеткізілді. ТЖ көп қабатты үйлердің бірінің ойын алаңында болған.

"2006 жылы туылған бір бала хирургиялық бөлімге орташа ауырлықта жатқызылды. 2007 жылы туылған екінші бала травматология бөліміне орташа ауырлықтағы жағдайда жатқызылды. Екі пациент те медициналық көмекті толық көлемде алады", - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз хатшысы Кәмшат Күпейісова.

Видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Жазбалардың бірінде автор оқиға Целинная көшесіндегі үйдің ауласында болғанын жазды. Мұнда ескі ойын алаңы мен әткеншектер бұрыннан нашар жағдайда болған. Бұл ретте жақын маңдағы барлық үйлердің балалары осында ойнауға келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр