Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда асылып қалған полицей өлер алдына досына хабарласып, осындай күйге жеткізген адамның есімін атаған

Полицейдің өліміне қатысты іс Павлодар облыстық полиция басқармасының басшысы Амантай Әубәкіровтің ерекше бақылауына алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Павлодарда асылып қалған полицей өлер алдына досына хабарласып, осындай күйге жеткізген адамның есімін атаған

Қайғылы оқиғаға қатысты ішкі қызметтік тергеуді жеке қауіпсіздік басқармасы жүргізеді.

«19 қыркүйек күні Павлодардағы Сәтпаев көшесінде гараждан 1984 жылы туған ер адамның мәйіті анықталды. Марқұмның полиция қызметкері екендігі белгілі болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ДП басшысы Амантай Әубәкіров.

Ол тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жарияланбағанын атап өтті. Олар тергеу туралы қосымша нәтижелерін хабарлауға уәде берді.

Қайтыс болған полицейдің ағасы өлер алдында Руслан Оспановтың досына қоңырау шалып, оны осындай қадамға жеткізген адамның есімін атағанын айтты.

34 жастағы майор Руслан Оспанов Павлодар облысы полиция басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Туыстарының айтуынша, ер адамды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізген болуы мүмкін. Соңғы кездері  ол Павлодар облысының тергеу басқармасы полиция департаментінің басшылығына шағымданып жүрген.

Жерлеу рәсімі 21 қыркүйекке жоспарланды. Марқұмның артында баласы мен жүкті әйелі қалды. Осы жылдың желтоқсан айында Оспанов 35 жасқа толар еді. Ол полицияда 12 жыл қызмет етті.

Бұған дейін Павлодарда полиция қызметкерінің асылып тұрған жерінен табылғанын хабарлаған едік. 

Талқылау