Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жан тапсырғанша азаптаған: Павлодар түрмесінде сотталғандарды қинаған экс-қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты

Павлодарда 26 сотталған адамды азаптаған түрме қызметкерлеріне қатысты сот шешімі шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

Бұл колонияда 2016 жылы Қазақстанның дзюдодан бес дүркін чемпионы Бақытжан Әбдікәрімов мерт болды. Ауыр дене жарақаттарын салып, адам өлтіріп қойғаны үшін жазасын өтеп жүрген спортшының мойнын белгісіз біреу тіліп кетті. Әбдікәрімовтен басталған тергеу ісі 2019 жылға дейін жалғасты.  Сот-медициналық сарапатаманың мамандары марқұмның денесінен 130- дан аса пышақ ізін тапты. Арнайы басқарманың прокурорлары спортшының мерт болмай тұрып, түрмеде азапталғанын айтты. 

3 жылға созылған тергеу жұмыстарынан 26 сотталған адамның қызметкерлердің ықпалымен соққыға жығылғаны анықталды. Биыл көктемде түрменің 16 қызметкеріне қатысты іс сотқа өтті. 

Экс-қызметкерлер мекеме басшысының орынбасары Қалиевтің бұйрығымен түрмеге енді келген адамдарды дәретханаға апарып, ұрған. Лас сумен жуындырған. Жуынбағандарды резеңкелі, транспортерлі лентамен соққыға жығатын. 

Сотталғандарды қинағандар  5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Колония бастығының бұрынғы орынбасары Қуаныш Қалиев жеті жылға қамалды. Екі күдікті тергеу кезінде көз жұмып, жасаған қылмысы үшін берілетін жазадан босатылды. 
 

Талқылау