Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында полицей өзіне қол салды

Павлодар облысы Ақсу қаласында учаскеліп полиция инспекторының мәйіті өз қорасынан табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

полицей

Марқұмның әйелінің сөзінше, олар күйеуімен жиі жанжалдасқан көрінеді. 

"23 ақпанда 06:35-те Ақсу қаласының М.Омаров атындағы ауылында қорада учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды, өз өзіне қол салған", – делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. 

"Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен тергеу бастады", - деп қосты полиция өкілдері. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 18:03