Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі: Пәтерін сол бойы көре алмай кеткен салымшылар да бар

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компанияларының басшыларымен кездесу барысында салымшылардың мәселелерін қозғады деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

салымшы

«Сіздер адамдардың сенімін ақтамадыңыздар. Жауапсыз құрылыс компанияларының кесірінен халық зардап шегіп жүр. Қалада өз үйіне кіре алмай жүрген 10 мыңнан аса салымшы бар. Олар пәтер немесе жатақханада бөлме жалдап тұрып жатыр. Ал кейбіреулер мүлдем үйсіз қалды. Мемлекет қазір сол проблеманы шешуді қолға алды. Бұдан кейін әр құрылыс орнын жіті қадағалаймыз. Егер табыс тапқыларыңыз келе ме, онда мемлекет сіздерге көмектеседі. Жауапкершілік пен нәтижелі жұмыс көрсете білу қажет. Салымшылардың көбісі тұрғын үйдің құрылысы басталған кезде жас болған. Ал қазір зейнет жасына жеткен», – деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ, қала әкімі құрылыс компанияларына жұмыскерлердің жалақысын уақытында беріп отыруды тапсырды. 

Талқылау