Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерақысын төлегісі келмеген ер адам өтірік өліп қалған

АҚШ-тың Форт-Кент қаласында ер адам пәтерақысын төлемеу үшін өліп қалғандай кейіп танытқан. Ол темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты.

Пәтерақысын төлегісі келмеген ер адам өтірік өліп қалған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bangor Daily News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пәтердің иесі ай сайынғы төлемді алуға келгенде 28 жастағы Тед Заринс қозғалмай жатып, өліп қалғандай кейіп танытқан. Алайда артынша полиция келген кезде ол есін жиып, медициналық көмек қажет еместігін айтыпты. 

Полицейлер Заринстің бұған дейін адамға сес көрсетіп, артынша сот отырысына келмегенін анықтады. Олар жағдайды пайдаланып, ер адамды тұтқындады. 

Талқылау