"Пәтер жалдаған": Түркістанда жоғалған екі жасөспірім қыз табылды
Түркістан облысының полицейлері жоғалған екі жасөспірім қызды іздеп тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұрады. Көрші тұратын жалғызбасты аналардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтар күні үйлерінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.
Із-түссіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді.
Үш тәуліктен кейін жасөспірімдер табылды. Олар облыс орталығында №1-мөлтек аудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Оқушылар отбасыларына қайтарылды.
Анықталғандай, екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан үш күн бойы сонда түнеген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік