Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пари Сен-Жермен" Роналдуды команда құрамына қосуы мүмкін бе – Клуб директоры жауап берді

Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының директоры Насер Әл-Хелаифи португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды командаға қосу туралы сұраққа жауап берді. Роналду англиялық "Манчестер Юнайтедтен" кеткеннен кейін еркін болған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрамда үш ойыншы бар кезде (Лионель Месси, Неймар және Килиан Мбаппе туралы айтылып отыр. – Ред.) оны жүзеге асыру өте қиын болады. Бірақ мен оған барлық жақсылықты тілеймін. Ол әлі де керемет ойыншы", - деген Насер Әл-Хелаифи.

1xbet

Бұған дейін 37 жастағы португалиялық саудиялық "Әл-Насср" клубымен келісімге келгені туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Португалиялық шабуылшы қараша айында "Манчестер Юнайтедтен" кеткеннен кейін еркін агент атанды. Роналдудың командадан кетуіне ағылшындық клуб пен оның бас бапкері Эрик Тен Хагты сынаған сұхбаты себеп болды.

Талқылау