Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мэнни Пакьяо 40 жасында тағы бокс чемпионы атанды

Филлипиндік Мэнни Пакьяо 40 жасында Кит Турманды жеңіп, америкалықтың WBA Super белбеуін тартып алды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Пакьяо

Кездесу Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті.  Бірінші-раундта-ақ, Пакьяо әсерлі соққы жасап үлгерді. Ол америкалықты артқа шегініп жатқан жерінен қуып жетіп, нокдаунға түсірді.  

Мэнни қалған раундтардан шабуылды үдете түскен, алайда Кит алтыншы айналымда филиппиндік боксшыдан айласын асырып, жағдайды өз қолына алды. Жетінші раундта америкалық толықтай басым болды деуге болады.  

 

Соңғы раундта екеуі де бір-біріне әсерлі соққылар жұмсап, кешті барынша қызықтыра түсті.  Төрешілер шешімімен жеңіс Пакьяоға бұйырды. 

Талқылау