"Өзін подполковник ретінде таныстырды": Алматыда екі ер адам аурухана қызметкеріне күш көрсетті

Алматыда өздерін құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ретінде таныстырған екі ер адам медицина қызметкеріне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бейнебақылау камераларына түскен, ол видео Instagram-да жарияланды. Жарияланым авторының айтуынша, шабуыл 17 тамыздан 18 тамызға қараған түні Қалқаман шағын ауданындағы № 7 қалалық клиникалық ауруханада болған. Екі ер адам осы медициналық ұйымның қызметкеріне күш көрсеткен.

"Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкерлерін, өзін Наурызбай ауданының подполковнигі деп таныстырған, аты Бағлан,  ол қара жейдеде, екіншісі Данияр медициналық қызметкерге қол жұмсады", - делінген жазбада. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Kris P Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p) on

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факт Наурызбай аудандық полиция басқармасының өндірісінде.

"Әлеуметтік желіде пайда болған тұлғалар анықталып, қамауға алынды. Алайда медицина қызметкері олардың үстінен шағым түсіруден бас тартты. Ол қол жұмсаған бұзақыларға кешірім берген", - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өз кезегінде, айыпталушылардың бірі болған оқиға үшін кешірім сұрап, полицияда ешқашан жұмыс істемегенін айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр