Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін перзентханадан ұрлап кеткенін білді: Оқушы қыз селфи жасағаннан кейін өмірі түбегейлі өзгерді

ОАР-дың Кейптаун қаласында тұратын 21 жастағы Миш Соломон бір селфидің арқасында бүкіл өмірі өзгергенін айтады. Ол анам деп санап келген адамның өзін перзентханадан ұрлап кеткенін біліп қойыпты.

Өзін перзентханадан ұрлап кеткенін білді: Оқушы қыз селфи жасағаннан кейін өмірі түбегейлі өзгерді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

2015 жылы 17 жастағы Миш мектепте оқып жүргенде, сыныптастары оған Кэссиди Нерс есімді қыз екеуінің қатты ұқсайтынын айтқан. Миш одан бірнеше жас үлкен болса да, екеуі достасып кетіпті. Осылайша, бірнеше айдан кейін Кэссиди екеуі селфи жасап, суретті ата-аналарына көрсетеді.

Сол кезде Кэссидидің ата-анасы Миштің туған күні қашан екенін білуін сұраған. Анықталғандай, ол ерлі-зайыптының перзентханадан ұрланған қызы дүниеге келген күні туылыпты. Мұны білген ер адам бірден полицияға жүгінді. 

Өзін перзентханадан ұрлап кеткенін білді: Оқушы қыз селфи жасағаннан кейін өмірі түбегейлі өзгерді

Арада бір апта өткеннен кейін мектеп директоры Мишті шақырып, анам деп жүрген әйелдің оны 17 жыл бұрын ұрлап кеткенін айтқан. Оқушы қыз ДНҚ тестінен өткеннен кейін, оның Кэссидидің әпкесі екені расталыпты. 

«Мен шок болдым. Жүрегім ауырды. Анам маған керек. Одан мені не үшін ұрлағанын, не болып жатқанын сұрағым келеді. Оның анам емес екенін білгенде, төбеме жай түскендей болды», - дейді Миш Соломон.

Лавон Соломон бала ұрлығы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бүгінде өзі де ана атанып, бала тәрбиелеп отырған Миш өзін бағып-қаққан әйелге жиі барып тұрады. Ол анам түрмеден тезірек шықса екен дейді. 

Өзін перзентханадан ұрлап кеткенін білді: Оқушы қыз селфи жасағаннан кейін өмірі түбегейлі өзгерді

Ал Миштің биологиялық ата-анасы ажырасып кетіпті. Миштің олармен бірге тұруға батылы жетпеген. Десе де ол туған ата-анасымен араласып тұруға тырысатынын айтады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған

34 жастағы филяндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы

Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі

«Әкеме тіл тигізді»: Мұқасан Шахзадаев топтың неге тарағанын ашып айтты

Арамыздағы ақша мәселесіне көз жұмған едім
Çàãðóçêà...