Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін қыспақтағанын айтты": Павлодарда полиция қызметкері асылып тұрған жерінен табылды

Павлодарда полиция қызметкері асылып қалған жерінен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментіндегілер аталған деректі растады. 

Полиция мәліметіне сәйкес, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің маңындағы гараждан ер адамның денесі табылған. Көз жұмған ер адам Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, 34 жастағы Руслан Оспанов болып шықты. 

«Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз», - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Біләлова.

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, марқұмның туыстары оны өзіне қол жұмсауға жеткізген болуы мүмкін деген пікірде. Айтуларынша, Оспанов соңғы уақытта полиция департаментінің тергеу бойынша басшылығына жиі шағымданыпты. 

«Ол өзін қыспақтап, жұмыс істеуге мүмкіндік бермегенін айтты», - дейді марқұмның ағасы Әбілқасым Оспанов.

Талқылау